9-10 қаңтарда Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтияр Саидов бастаған Өзбекстан делегациясы климаттық тұрақтылығы жөніндегі Пәкістан тақырыбы бойынша халықаралық конференцияға қатысты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен өткен конференцияда осы ұйымның Бас хатшысы А.Гутерриш, Пәкістан Премьер-Министрі Ш.Шариф, БАӘ Қоршаған ортаны қорғау министрі М.Мхеирий, Қатар Сыртқы істер бойынша мемлекеттік министрі Султан бен Саад Әл-Мурейхий, Швейцарияның Федералдық Сыртқы істер департаментінің басшысы И.Кассис, сондай-ақ Грекия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония делегациялары, халықаралық және өңірлік қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Шараның ашылуында Еуропа комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Франция президенті Э.Макрон, Түркия президенті Р.Ердоған, Норвегия премьер-министрі сөз сөйледі.
Өзбекстан делегациясының басшысы Б.Саидов өз сөзінде табиғи апаттардан зардап шеккен халықты қолдау, бүлінген инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығын қалпына келтіру мәселелеріне назар аударды.
Форум қатысушыларына Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан экологиялық бағдарламалар, атап айтқанда, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің «Жасыл кеңістік» бастамасы туралы ақпарат берілді.
Арал теңізінің құрғау мәселесіне тоқталған СІМ басшысы республикада экологиялық апаттың салдарын жою, Арал шығанағы өңірін экологиялық инновациялар және технологиялар аймағына айналдыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар жайлы баяндаған.
Сапар барысында Б.Саидов Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы, Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі және осы елдің Сыртқы істер министрімен, Катар Сыртқы істер мемлекеттік министрі, Біріккен Араб Әмірліктерінің қоршаған ортаны қорғау министрі, Ислам даму банкі президенті және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президентімен екіжақты кездесулер өткізді, делінген хабарламада.