Өзбекстан делегациясы Ирак премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахромжон Алоев Ирак Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен кездесті.
СІМ мәліметінше, Ирак тарапы Өзбекстанмен көп қырлы серіктестікті одан әрі нығайтуға және өзара басым салалардағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.
«Саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық алмасуды нығайту маңыздылығы атап өтілді. Ирак тарапы Өзбекстан өнімдерін Ирак нарығына шығаруға және Өзбекстаннан келетін импорт түрлерін кеңейтуге мүдделі екенін білдірді», делінген хабарламада.
Кездесуде алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесі де талқыланды.