Парагвай астанасы Асунсьон қаласында өткен Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) 75-Конгресіне Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президент Равшан Эрматов бастаған делегация қатысты.
Конгресс аясында ФИФА-ның Тәртіптік, Этика, Апелляция, Басқару, Аудит және Сәйкестік комитеттеріне жаңа мүшелер сайланып, мүше қауымдастықтар мен ФИФА кеңесі ұсынған бірқатар бастамалар жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар футболда нәсілшілдікке қарсы жаһандық күресті күшейту мәселесі де күн тәртібінде болды. Маңызды шешімдердің бірі ретінде 2031 жылдан бастап әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 48 құрамадан тұратындығы ресми түрде бекітілді.

ӨФА баспасөз қызметінің мәліметінше, Конгресс аясында биыл өтетін клубтар арасындағы ФИФА әлем чемпионаты мен келесі жылы ұйымдастырылатын ұлттық құрамалар арасындағы мундиаль туралы да пікір алмасылды.

Сондай-ақ, ФИФА-ның кезекті, 76-Конгресі 2026 жылдың 30 сәуірінде Канададағы Ванкувер қаласында өтетіні белгілі болды.
Бұл жиын әлемдік футбол қауымдастығы үшін маңызды бағыттарды айқындап, алдағы кезеңнің басымдықтарын белгілеуге арналған ауқымды халықаралық алаң болды.