Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан делегациясы БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
12:46 / 2022-07-07

2022 жылғы 6 шілдеде АҚШ-та жұмыс сапармен жүрген Өзбекстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі Абдулазиз Камилов бастаған делегация БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді.

СІМ дерегінше, кездесу барысында Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі, аймақтық қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелері талқыланды.

БҰҰ Бас хатшысы Өзбекстанның 2022 жылғы 26 шілдеде Ташкентте «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбында халықаралық конференция өткізу туралы бастамасын қолдады. Бұл форумға БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, А.Гутерриш Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мәні мен басымдықтары туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқаны айтылады СІМ хабарламасында.