Өзбекстан нарығында қытайлық «BYD» компаниясыныңгибридті және электромобильді көіліктері шығарылады.
Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі қытайлық «BYD» конгломератымен Өзбекстанда гибридті және электромобильдер мен осындай көліктерге арналған бөлшектер шығаруды ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды. Осы құжат негізінде «BYD» Өзбекстан зауыты мен «Узавтосаноат» АҚ гибридті және электромобиль өндіруші «BYD Uzbekistan Factory» зауытын құрмақ.

Инвестициялық жобаның бірінші және екінші кезеңінде 50 мың автокөлік шығару жоспарланған. Үшінші кезеңнің соңында дәл осындай көрсеткіш 300 мыңға жетеді.
«BYD Uzbekistan Factory» халықаралық электромобильдер нарығының көшбасшысының Қытайдан сырт елдегі бірінші бірлескен кәсіпорны. Бұл процесте Өзбекстанның өнеркәсіп, ғылым, техника, әсіресе машина жасау саласындағы жетістіктері, ең бастысы, Өзбекстанның инвестициялық тартымдылығы шешуші мәнге ие болды.
Еске салар болсақ, Қытайлық концерн 2022 жылы баламалы энергиямен жұмыс істейтін көліктер шығару бойынша әлемдік көшбасшыға айналды.