Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан бірқатар елдермен халықаралық әуе рейстерін тоқтатты
11:56 / 2020-12-22

Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келуі және таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссия мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге байланысты, соңғы күндері кейбір шет елдерде, олар қатарында Ұлыбритания, Италия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланды және Оңтүстік Африка мемлекетінде коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары күрт өсіп, эпидемиологиялық ахуал нашарлап бара жатқаны байқалуда. 20 желтоқсанындағы жағдай бойынша Ұлыбританияда тәуліктік сырқаттану 36 мың, Германияда - 21 мың, Италияда - 15 мың, Нидерландыда - 13 мың, Оңтүстік Африка Республикасында - 9 мыңға жеткен.

Осынау елдердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Еуропа және басқа елдермен эпидемиологиялық ахуалды күрделендірмеу үшін осы елдермен халықаралық әуе қатынасын шектеуге шешім қабылданды.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін Ұлыбритания, Италия, Германия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланды және Оңтүстік Африка Республикасымен халықаралық рейстер (Республикаға кіру, шығу және транзиттік рейстер) тоқтатылады.

Сондай-ақ, соңғы 14 күн ішінде Ұлыбритания, Италия, Германия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланды және Оңтүстік Африкада болып, үшінші елдер арқылы Өзбекстанға келетін ӨР азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар 14 күндік уақытша карантиндік кешенде немесе қонақ үйде карантинге алынады.

Республикалық арнайы комиссия азаматтардан қоғамдық орындарда бетперде тағуға, мейрамхана, кафе және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында 30 адамнан аспайтын іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар және қазыналық кәсіпорындарда түрлі корпоративтік мерекелер ұйымдастырмауға карантиндік шектеулерді сақтауды сұрйды, делінген хабарда.