Өзбекстан бірқатар елдермен халықаралық әуе рейстерін шектеу мерзімін ұзартты
Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келуі және таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссия 2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін Ұлыбритания, Италия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланды және Оңтүстік Африка Республикасымен халықаралық рейстерді тоқтатқан болатын.
Республикалық арнайы комиссия жоғарыда аталған елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты 2021 жылдың 10 қаңтарына дейінгі енгізілген шектеу мерзімі осы жылдың 1 ақпанына дейін ұзартылады, делінген.
Сондай-ақ, соңғы 14 күн ішінде Ұлыбритания, Италия, Дания, Австрия, Австралия, Нидерланды және Оңтүстік Африка елдерінде болып, үшінші елдер арқылы Өзбекстанға келетін ӨР азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар 14 күндік уақытша карантиндік кешенде немесе қонақ үйде карантинге алыну процесі жалғасатын болады.
Бұл шектеулер атаулы елдердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанына байланысты кезеңімен жеңілдетілуі айтылған.