Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафаров бастаған делегация Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен БРИКС-тің 17-саммитіне қатысты.
Атаулы беделді халықаралық форумға 38 мемлекет пен халықаралық ұйымның өкілдері жиналды.

Саммит барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және оны қаржыландыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллектті дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін біріктіру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Өзбекстан делегациясы форум аясында қатысушыларға елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет беріп, экономиканы жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, кедейлікті азайту, цифрлық трансформация және «жасыл» экономиканы дамыту бағытындағы бастамаларды таныстырды.
Саммит қорытындысында бірлескен декларация қабылданып, оған сәйкес Өзбекстан БРИКС ұйымының серіктесі мәртебесіне ие болды.
Айта кетейік, БРИКС — Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, БАӘ, Сауд Арабиясы, Иран, Мысыр және Эфиопия мемлекеттерін біріктіретін үкіметаралық ұйым.