Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан бойынша жаңа бағыттарда пойыздар қатнауы жолға қойылады
15:16 / 2021-02-15

Өзбекстан бойынша жаңа бағыттарда пойыздар қатнауы жолға қойылады.

«Өзбекстан темір жолдары» баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа бағыттарда пойыздар қатнауы Мемлекет басшысының «Өзбекстан Республикасында ішкі және зиярат туризмін дамыту шаралары туралы» Жарлығы бойынша, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жаңадан 5 бағыт бойынша пойыздар қатнауы жолға қойылады. 

Атап айтқанда:

  • 16 ақпаннан бастап Әндіжан - Ташкент;
  • 17 ақпаннан бастап Ташкент - Терміз-Ташкент;
  • 19 ақпаннан бастап Әндіжан - Хива;
  • 20 ақпаннан бастап Ургеніш - Питнак;
  • 21 ақпаннан бастап Әндіжан – Хиуа бағыттары бойынша пойыздар жолға шығады.

Президенттің 9 ақпанда қабылдған қаулысында 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін Терміз-Қаршы-Хиуа, Хиуа-Үргеніш-Нүкіс, Терміз-Қаршы-Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты теміржол қатынасы іске қосылатындығы көрсетілген.