Өзбекстан бокс федерациясы Азиядағы үздік деп бағаланды
Тайландтың Бангкок қаласында Азия бокс конфедерациясының кезектен тыс конгресі өтті.
Бұл конгрессте азиялық боксқа қатысты түрлі мәселелер талқыланып, 2022 жылы Азия аймағында өткен барлық жарыстардың қорытындысы жарияланды.
2022 жылы Өзбекстан бокс федерациясы медаль саны бойынша Азия құрлығының «Жыл федерациясы» деп танылып, Азия бокс конфедерациясының арнайы сыйлығымен марапатталды.
Бұл марапатты Өзбекстан бокс федерациясы төрағасының кеңесшісі Малик Бабаев қабылдап алған.