Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионаты туралы БАҚ-та тараған жаңалықтарға қатысты Өзбекстан бокс федерациясы мәлімдеме жасады.
«Әлемдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты кейбір интернет көздері мен әлеуметтік желілерде 2023 жылдың 30 сәуірі мен 14 мамыры аралығында Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионаты туралы біржақты ақпараттар тарауда.
Екі жыл сайын өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатын Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ұйымдастырылады. Өзбекстан тарапының турнирге қатысу үшін тіркелген елдердің қатысуын немесе қатыспауын анықтау өкілеті жоқ. Өзбекстан жарысты өткізуші мемлекет болып оны ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
Чемпионатқа қатысушыларды, құрама командаларды, спортшылар мен жаттықтырушыларды, төрешілерді тіркеуді IBA қадағалайды. Өзбекстан жарысты өткізу құқығын жеңіп алған кезде ұлттық құрамалардың немесе спортшылардың халықаралық турнирлерге қатысуына қазіргі шектеулер болған жоқ.
Өзбекстан халықаралық спорт нормаларын ұстанатын және спорттың саясаттан бөлек принципін қолдайтын ел», делінген федерация мәлімдемесінде.