Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан – Белорус ынтымақтастығының жаңа бағыттары талқыланды
15:20 / 2019-04-25

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бейжің қаласында өзі үшін арналған резиденциясында 25 сәуір күні Белорус Республикасы Президенті Александр Лукашенко мен кездесу өткізді.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Бейжің қаласында өзі үшін арналған резиденциясында 25 сәуір күні Белорус Республикасы Президенті Александр Лукашенко мен кездесу өткізді.

Беларусь Президентінің Өткен жылы Өзбекстанға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихында жаңа бет ашқан, оларды жоғары деңгейге жеткізегені және аталған жұмыстарды жақсы орындағаны жайлы айтылды.

Кездесу барысында тараптар бұрынғы келісімдердің орындалу барысын егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы тауар айналымының қарқынды өсіп келе жатқанын шынайы ықыласпен атап өтті.

cd1a28b3_e335_26c3_bcfb_74d02250d032.jpg

Белорустың «Амкодор», «МАЗ», «МТЗ» және басқа жетекші компаниялармен қатар түрлі салалардағы кооперативтік жобаларды ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Қазіргі кезде екі елдің өңірлері арасындағы алмасулар күшейген. Ғылым, техника және білім беру саласында тиімді ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

Мемлекеттер арасындағы сенімді ынтымақтастықтың нәтижелеріне қол жеткізу үшін орнықты өзара сенім мен берік ұстанымдар одан әрі дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашады. Бүгінде қос елдің де мұны жасауға әлеуеті бар екені жайында айтылды.

Тараптар өзара сауда-саттықты кеңейту, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, медицина, фармацевтика, туризм, білім беру, мәдениет және басқа да салалардағы бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

1cd8a6e6_3906_2e7b_5c9b_30070dd716ac.jpg

Мемлекет басшылары ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту мақсатында түрлі деңгейлерде диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.