Өзбекстан барлаушылары Пәкістанда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің құрама командасы Пәкістанда өткен V халықаралық «Ұжымдық рух» байқауына қатысып, 1-орынды иеленді.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жарыс Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштері 22-ші армия корпусының Терроризмге қарсы ұлттық оқу орталығында өтті.
Оған 16 барлау тобы қатысып, олар қатаныда Марокко, Иордания, Кения, Сауд Арабиясы, Түркия, Шри-Ланка, Непал және Өзбекстан Республикасы, сондай-ақ Пәкістан Ислам Республикасынан 8 барлау тобы бақ сынады.
Ұзындығы 80 шақырымдық жолда командалар азимутта әрекет етіп, 6 бақылау пунктінде оқ ату, тактикалық-арнайы, медициналық дайындық, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану, күтпеген сынақтарды шешу, әскери топографияда әртүрлі арнайы тапсырмаларды орындау жарыстары барысын Тәжікстан, Қазақстан, Бахрейн және Қытай Қарулы күштерінің өкілдері бақылады.
Байқау қорытындысы бойынша:
- 1 орын – Өзбекстан Республикасының командасы (2 850 ұпай);
- 2 орын – Марокко құрамасы (1 860 ұпай);
- 3 орын – Шри-Ланка (2 010 ұпай) және Сауд Арабиясы (1 900 ұпай). Шри-Ланка мен Сауд Арабиясы айып ұпайларының болуына байланысты 3-орынға жайғасты.