Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан БАӘ-дағы «Gulf Food-2022» халықаралық көрмесіне қатысуда
18:54 / 2022-02-15

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан «Gulf Food-2022» халықаралық азық-түлік көрмесіне Өзбекстанның тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары қатысуда.

«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, «Gulf Food-2022» көрмесіне Орталық Азиядан Өзбекстан ғана ұлттық нақышта безендірілген жеке павильонмен қатысуда. Көрмеге Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі (ИССМ) жанындағы Экспортты ынталандыру агенттігінің, БАӘ-дегі ИССМ өкілдігінің және Өзбекстанның Дубайдағы Бас консулдығының қолдауымен 20-дан астам компания мен кәсіпорын өз өнімдерін ұсынуда.

Осы халықаралық шара аясында шетелдік әріптестермен бірқатар келісімдерге қол қою жоспарлануда, делінген хабарламада.