Өзбекстан БҰҰ-ның тағы бір конвенциясына қосылады
Бұл туралы Президенттің жарлығы жарияланып, халықаралық келісімді іске асыруға Сыртқы істер министрлігі жауапты құзыретті орган болып бекітілген
Өзбекстан Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға (Нью-Йорк, 1946 жыл 13 ақпан) қосылады.
Бұл туралы Президенттің жарлығы жарияланып, халықаралық келісімді іске асыруға Сыртқы істер министрлігі жауапты құзыретті орган болып бекітілген.
Онда айтылуынша, Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті және тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшылары Өзбекстан Республикасы үшін осы халықаралық келісім күшіне енгеннен кейін Өзбекстан Республикасының құқықтары мен міндеттерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.