Өзбекстан БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесіне сайланды
Өзбекстан тарихта алғаш рет үш жылдық мерзімге көп дауыспен БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесінің құрамына сайланды
БҰҰ Бас ассамблеясында Өзбекстан тарихта алғаш рет үш жылдық мерзімге көп дауыспен БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесінің құрамына сайланды.
Өзбекстан СІМ хабарына сай, БҰҰ Жаңалықтар орталығының мәліметі бойынша БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесіне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі 15 мемлекет сайланды: Боливия, Қытай, Кот-д'Ивуар, Габон, Куба, Франция, Малави, Мексика, Непал, Пәкістан, Ресей, Сенегал, Украина, Өзбекстан, Ұлыбритания.
БҰҰ Бас ассамблеясының органы болып табылатын - Адам құқығы жөніндегі кеңеске 47 ел мүше. Кеңестің ережесіне сай мүшелері жасырын дауыс беру арқылы үш жылдық мерзімге сайланады.