Өзбекстан Азия чемпионатында жалпы командалық есепте екінші орынды иеледі
Осы жарыста құрама сапындағы өте тәжірибелі балуан Елмұрат Тасмұрадов құрлықтағы бесінші реткі жеңісіне қол жеткізді
Грек-рим күресі бойынша Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында өзбекстандық спортшылар жалпы командалық есепте Ираннан кейін екінші орынмен жарысты аяқтаған болса, күшті үштікке Қазақстан құрамасы енген.
Жалпы құрамадағы күресшілер бір алтын, екі күміс, үш қолаға қол жеткізген. Қызық тұсы өткен жылғы Азия және Әлем чемпионатында да өзбекстандық спортшылар жалпы командалық есепте екінші орынмен аяқтағаны жайлы жазады Өзбекстан күрес қауымдастығының баспасөз қызметі.
Осы жарыста құрама сапындағы өте тәжірибелі балуан Елмұрат Тасмұрадов құрамадағы жалғыз алтынға иелік етіп, өзінің құрлықтағы бесінші реткі жеңісіне қол жеткізді.
Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Алтын медаль
-63 кг: Елмұрат Тасмұрадов
Күміс медаль
-55 келі: Жасурбек Ортикбаев
-67 кг: Махмуд Бахшиллоев
Қола медаль
-60 келі: Исламжон Бахромов
-82 келі: Жалғасбай Бердімұратов
-97 келі: Мухаммадали Шамсиддинов