Өзбекстан азаматтығын алу үшін шетелдіктер өзбек тілінен емтихан тапсырады
Үкімет қаулысымен Өзбекстан азаматтығын алу үшін енді шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ жаандар өзбек тілінен ақылы түрде емтихан тапсырады
Үкімет қаулысымен Өзбекстан азаматтығын алу үшін енді шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ жаандар өзбек тілінен ақылы түрде емтихан тапсырады.
Қаулыға сәйкес, Өзбекстан азаматтығына үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздеріне оқыту және біліктілігін арттыру орталығы (Орталық) және оның аумақтық бөлімшелерінде ақылы негізде анықталатын болып, мемлекеттік тілдегі емтихан өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тұру орталығында әлде оның аумақтық бөлімшелерінде өткізіледі.
Ол үшін өтініш беруші жеке өзі немесе электронды түрде Орталыққа болмаса оның аймақтық кеңселеріне сынақ емтиханына қатысу туралы өтінішпен жүгінеді және құжаттарды тапсырғаннан кейін 1 ай ішінде мемлекеттік тілдегі емтихан жазбаша немесе ауызша түрде өтеді.
Егер Өзбекстан азаматтығын алуға ниетті жан тесттегі ең жоғары баллдың 50 пайызынан (50 баллдан) төмен алған жандар сынақтан өте алмады деп есептеледі және тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде 1 айдан соң қайта қатысуға өтініш береалады.
Мемлекеттік тілге байланысты сынақ емтихандарының нәтижелері 3 күн ішінде жарияланады. Оған базалық есептеу сомасынан 20 пайыздық (44 600 сум) ақы төленеді.
Тест емтихандарын сәтті тапсырған талапкерлерге мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы сертификат беріледі және оның мерзімі шектелмейді.