Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін елде сақтау міндетті болады
Өзбекстан азаматтарының жеке деректері отандық серверлерде сақтау міндетті болады.
Өзбекстанның «Дербес деректер туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Заң 27-1-баппен толықтырылып, ол сайт иелерін Өзбекстан аумағында ел азаматтарының жеке деректерін сақтауға міндеттейді.
Өзгерістулерге орай:
- Өзбекстан азаматтарының жеке деректері Өзбекстан аумағында орналасқан және Мемлекеттік тізілімде тіркелген техникалық құралдармен қайта өңделуі керек;
- деректерді оқшаулауға қойылатын талап ақпараттық технологияларға, оның ішінде Интернет арқылы деректерді өңдеуге қолданылады;
- деректерді оқшаулау, жинау, жүйелеу және сақтау талабы иесінің немесе оператордың міндеті болып табылады.
Атаулы өзгерістер үш ай ішінде - сәуірдің ортасынан бастап күшіне енеді.