Өзбекстан азаматтарының БАӘ-ге кіруі үшін визасыз режим бүгіннен күшіне енеді
Өзбекстан азаматтары бүгін, 16 ақпаннан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алады.
2024 жылдың 16 қаңтарында БАӘ Сыртқы істер министрлігінде Өзбекстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметтері арасында кіру визалық талаптардан өзара босату туралы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, Өзбекстан азаматтары БАӘ-де болған кезде 30 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.
Осылайша, Өзбекстан азаматтары әлемнің 29 еліне визасыз бара алады. Өзбекстан «Passport Index» әлемдік рейтингінде 69-орынға көтерілді.
Еске салар болсақ, бұған дейін Өзбекстан азаматтары Иранға жарты жылда бір рет визасыз кіріп, 15 күнге дейін саяхаттай алатыны хабарланған болатын.