Өзбекстан азаматтарын кәсіптік оқыту және неміс компанияларында жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Бас консулдығы көмегімен Сыртқы еңбек миграциясы агенттігі немістің HS-Personal компаниясы арасында Өзбекстан азаматтарын неміс тілін үйрету кейіннен неміс компанияларына жұмысқа орналастыру туралы келісім жасалған.
Неміс компанияларымен сыртқы еңбек көші-қон үдерісін реттеу, келісім-шарттар жасау және Өзбекстан азаматтарының осы елдегі еңбек қызметін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында дипломатиялық өкілдіктің қолдауымен HS-Personal неміс компаниясының делегациясы Өзбекстанға барып, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігіне қарасты Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінде келіссөздер жүргізді.
Нәтижесінде неміс тілін оқыту және В1 сертификатын алғаннан кейін Германияда ауыр жүк көліктері мен жолаушылар автобусының жүргізушісі, қарттар үйіне медициналық қызметкер ретінде, ойын-сауық саябақтар, қонақүйлер мен мейрамханаларға жұмысқа алу туралы келісім жасалды.
Делегация басшысы Леандер Хьюттенің айтуынша, неміс тарапы Ташкентте тек еңбек мигранттары ғана емес, тіл үйренгісі келетіндердің барлығы үшін бастауыш А1 деңгейінен кәсіби С1 деңгейінде неміс тілін оқыту орталығын ашуда. Орталық ЕО стандарттарына сәйкес келетін емтихандарды қабылдайды және Telc сертификаттарын береді.