Өзбекстан азаматтарын кезекті әскери қызметке шақыру жарияланды
Президент «Өзбекстан азаматтарын кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметшілерді Қарулы Күштер резервіне босату туралы» қаулыға қол қойды.
Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға және әскерге шақырудан босатуға құқығы жоқ Өзбекстанның әскерге шақырылу жасындағы азаматтары 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында әскери қызметке шақырылады.
Әскери қызметке жарамды, оның ішінде шектеулермен жарамды және мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға және шақырудан босатуға құқығы жоқ, бірақ осы шақыру кезеңінде Қарулы Күштер қатарына шақырылмаған азаматтар жұмылдыру шақыру резервтік қызметіне алынады.
Әскери қызмет мерзімін өтеген әскери қызметшілер 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында Өзбекстан Қарулы Күштері резервіне шығарылады.
Қарардың орындалу барысын Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен президент жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудов қадағалайды.