English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан азаматтары үшін визасыз елдер саны тағы біреуге көбейді
17:35 / 2024-01-16

2024 жыл 16 қаңтарда БАӘ Сыртқы істер министрлігінде Өзбекстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметтері арасында азаматтарды визалық талаптардан өзара босату туралы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Құжатқа сәйкес, Өзбекстан азаматтары БАӘ-де болған кезде 30 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.

Еске салар болсақ: 2023 жылы БАӘ-ге Өзбекстанның 119 мың 454 азаматы және 9,2 млн АҚШ долларын виза рәсімдеу үшін жұмсаған.

Үкіметаралық ынтымақтастық хаттамасына Өзбекстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Аққулов пен БАӘ Сыртқы істер министрінің орынбасары Халид Абдулла Белхул қол қойды.

Құжат ресми түрде 2024 жылдың 16 ақпанында күшіне енеді.

Қол қойылған құжат Өзбекстан азаматтары үшін визасыз елдердің санын 29-ға дейін арттырып, Өзбекстанды Global Passport Power рейтингінде 71-орынға көтерді.

ӨзА