Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан азаматтары Шанхайдағы Бас консулдық жанындағы сайлау учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беруде
13:50 / 2023-07-01

2023 жыл 9 шілде күні өтетін Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауын шетелде өткізуге дайындық аясында Өзбекстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы жанындағы №50 сайлау учаскесі Өзбекстан азаматтарын мерзімінен бұрын дауыс беруге қабылдауды бастады.

Бас консулдық округ құрамына кіретін Цзянсу, Чжэцзян, Аньхой және Цзянси провинцияларында оқып жатқан және уақытша тұратын Өзбекстан азаматтарына сайлау учаскесінде конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Өзбекстан азаматтары мерзімінен бұрын дауыс беру үдерістеріне белсенді түрде қатысуда.

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық және өзге де өкілдіктері жанынан 56 сайлау учаскесі құрылған. Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру 28 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.