Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының кезекті жиынында сөз сөйлеп, елді жан-жақты дамыту мен тиімді сыртқы саясат жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Достық пен серіктестікті нығайту, жақын көршілермен аймақтық ынтымақтастықты тереңдету басты міндет екенін баса айтылды.
Осы мақсатта Президент Сыртқы саясат концепциясын жаңаша қабылдау қажеттігін ұсынды. Орталық Азия елдері арасындағы жақсы көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету Өзбекстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып қала береді. Алдағы жылы өтетін «Орталық Азия бестігі» саммиті осы жолдағы үлкен қадам болмақ.
Қазіргі уақытта Өзбекстан азаматтарының Қырғызстанға ID карта арқылы еркін сапарлай алады. Бұл тәжірибені Қазақстан және Тәжікстанмен де енгізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Орталық Азия елдері, жетекші серіктес мемлекеттер, беделді халықаралық және аймақтық ұйымдар, қаржы институттарымен жүйелі және тиімді ынтымақтастықты дамыту әрдайым басты назарда болатыны айтылды.
Шавкат Мирзиёев жиынға қатысып отырған дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы алғысын білдіріп, Өзбекстандағы реформаларды шынайы қолдап, өңірлерге барып, өзгерістермен танысып, өз елдерінің тәжірибелерімен бөліскендері үшін халық атынан ризашылық жеткізді.