Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан азаматтары ел ішінде туристік төлемдерді төлейтін болады
09:34 / 2021-02-12

2021 жылдың 1 наурызынан бастап Өзбекстан азаматтары да, ел ішінде туристік төлемдерді төлейтін болады.

Ішкі және зиярат туризмін дамыту туралы президенттің жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап Өзбекстанда тұрақты тұратын Өзбекстан азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан орналастыру орындары үшін әр түндік туристік (қонақ үй) төлемі алынады.

Қазіргі уақытта туристік төлемді шетелдік туристерге қызмет көрсететін орналастыру орындары ғана төлеуде.

Жергілікті тұрғындардан жиналған туристік (қонақ үй) ақы ішкі туризмді насихаттау және ынталандыру шараларын қаржыландыруға және туристік маусымы төмен болған жағдайда орналастыру орындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге жұмсалады.

Еске салар болсақ, Мемлекет басшысының қаулысымен әлемнің 6 елінің азаматтарына Өзбекстанда 10 күндік визасыз режимі енгізілді. Сонымен қатар елдегі туристік қызмет көрсетуге байланысты жеңілдіктер 2021 жыл соңына дейін ұзартылды.