Өзбекстан азаматтары 57 елге визасыз бара алады
Швейцарияның Henley & Partners компаниясы әлем елдерінің паспорттық рейтингін жариялады.
Паспорттық индекс бойынша Өзбекстан жаһандық аренада 86 орынға жайғасқаны және ел азаматтары әлемдегі 57 елге визасыз баралатындығы келтірілген.
Рейтинг көш басын Жапония бастап тұр. Онда жапониялықтар Жер шарындағы 191 елге визасыз бару мүмкіндігіне ие. Кейінгі орында Сингапур азаматтары 190 елге визасыз баралса, одан кейінгі шепте Оңтүстік Корея мен Германия жайғасқан (189).
Орталық Азия елдерінің көрсеткіші бойынша Қазақстан 70 орында (75 ел), 80 орында Қырғызстан (63 ел), Тәжікстан 85 орында (58 ел), Өзбекстан 86 орында (57 ел), Түркіменстан 90 орында (53 ел).
Тізімнің ең төменгі орындарында Сирия (29), Ирак (28), Ауғанстан (26) елдері орналасқан.