Өзбекстан Қазақстан нарығына 6 мың тонна өрік жемісін экспорттаған
Статистика комитетінің мәліметінше бұл жағдай өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрік экспорты 1,3 мың тоннаға артқанын көрсетеді
Мемлекеттік статистика комитетінің дерегінше Өзбекстан 2020 жыл 1 маусым күнігі жағдай бойынша жалпы құны 10,9 миллион долларды құрайтын 11,2 мың тонна өрік жемісін 9 елге экспорттаған.
Шетелдік нарыққа шыққан өнімнің ең жоғары көрсеткіші көрші Қазақстан еліне тура келген болып, онда 6 мың тоннаға жуық жеміс экспортталған. Ресейге 3,6 мың тонна, Қырғызстан үлесіне 1,2 мың тонна өнім сатылған. Сонымен қатар биылдан бастап өрік жемісі Әзірбайжан, Грузия және Түркіменстан базарларында да сатыла бастаған.
Статистика комитетінің мәліметінше бұл жағдай өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрік экспорты 1,3 мың тоннаға артқанын көрсетеді.