French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Қазақстанға ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырды
23:06 / 2020-04-21

Көрші ел нарығында сұраныс жоғары өнімдер жүзім, қызанақ, қырққабат пен қияр


Өзбекстан соңғы екі айда көрші Қазақстанға 23 миллион долларлық ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға өскен.

LS ақпараттық агенттігінің зерттеуіне сай Өзбекстан өнімдері көрші Қазақстанға әлемнің түрлі елдерінен келетін импорттық ауылшаруашылық өнімдерінің 20 пайызын құрайды екен. Биыл соңғы екі айдағы Өзбекстаннан импортталған жемістер мен көкөністердің жалпы көлемі 22,9 млн долларды құраған. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,2 пайызға өскен.

Өзбекстан ауылшаруашылығы өнімдері арасында көкөністерден негізгі тауарлар қызанақ, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қияр т.б. болып, жемістерден - жүзім, мейіз, лимон, құрма секілді өнімге сұраныс жоғары екен.