Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан автокөлік жолдарының ұзындығы бойынша ТМД елдерінде 4-ші орынға шықты
12:20 / 2023-01-02

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы жалпы пайдаланымдағы автокөлік тас жолдарының ұзындығы 42,9 мың шақырымды құрады.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ресей ТМД елдеріндегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша бірінші орында - 1,6 млн км.

Одан кейінгі орындарда тиісінше 103,4 км және 95,4 км жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарымен Беларусь пен Қазақстан елдері жайғасқан.

Бұл көрсеткіш қалған елдерде былай:

  • Өзбекстан – 42,9 мың км;
  • Әзірбайжан – 28,7 мың км;
  • Молдова – 9,5 мың км;
  • Армения – 7,5 мың км.

Комитет дерегінше, жоғарыда көрсетілген сандар елдердің ресми статистикасынан алынған.