Өзбекстан аумағы арқылы 2,8 млн тонна транзиттік жүк тасымалданды
Биылғы жылдың үш айында Өзбекстан аумағы арқылы 2,8 миллион тонна транзиттік жүк тасымалданған.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан Республикасы аумағы бойынша тасымалданған транзиттік жүктердің көлемі (автомобиль және темір жол көлігімен) 2 792,8 мың тоннаны құрады. Олардың 2 249,5 мың тонна жүк темір жол көлігімен тасымалданған (жалпы көлемнің 80,5 пайыз).
Сонымен қатар, автомобиль көлігімен 543,3 мың тонна жүк тасымалданған (жалпы көлемнің 19,5 пайыз).