7 тамызда Ауғанстандағы Найбабад теміржол вокзалын пайдалануға беру рәсімі өтті.
Оған Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары Мулла Абдулғани Биродар, жергілікті билік өкілдері және Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев қатысты.
Жөндеу жұмыстары «Өзбекстан темір жолдары» АҚ, Термез аймақтық теміржол торабы және «Согдиана Транс» кәсіпорнымен бірлесіп жүргізілді.
Хабарламаға сәйкес, салтанатты шара барысында Наибабад станциясына алғашқы жүк вагондары келіп жеткен, бұл аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытудың жаңа кезеңінің басталғанын көрсетеді.
«Хайратон – Мазари Шариф» темір жолының жалпы ұзындығы 75 шақырымды құрайды. Оны Өзбекстаннан келген мамандар 2010 жылы салған. Құрылысқа Азия даму банкі бөлген 129 миллион доллар жұмсалған. Бұл желі Өзбекстанда қолданыстағы техникалық стандарттар мен талаптарға сәйкес сигнализация, телекоммуникация және электрмен жабдықтау құрылғыларымен жабдықталған. «Хайратон-Мазари Шариф» темір жолындағы жөндеу жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, оған 6,3 миллион доллар жұмсалған.