Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
2021 жылы 14 қыркүйекте Ауғанстанның Хайратан қаласында Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жүгін тапсыру рәсімі өтті.
Өзбекстан СІМ хабарына сәйкес, осынау гуманитарлық көмек жүгі құрамында ұн, әр түрлі азық –түлік өнімі, дәрі-дәрмек, киім мен аяқ киімдерден тұратын қажетті заттар орын алған.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген Ауғанстан уақытша үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид бүгінгі қиын кезеңде елге көрсетілген көмек жіне қолдау, ынтымақтастық үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевке бүкіл ауған халқының атынан алғыс айтты.