Өзбекстан Ауғанстанға 9 жүк көлігінде гуманитарлық жүк жөнелтті
22 желтоқсанда Өзбекстан ауған халқына 9 жүк көлігімен кезекті гуманитарлық көмек жіберді.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, гуманитарлық жүк Термез арқылы Ауғанстанның Хайратон қаласына жөнелтілген.

«Бүгін, 22 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының ауған халқына гуманитарлық көмегі тиелген 9 арнайы жүк көлігі Термез арқылы Ауғанстанның Хайратон қаласына жөнелтілді.
Осыған орай Балх облысының Хайратон қаласындағы «Астрас» компаниясының аумағында екі елдің ресми өкілдерінің қатысуымен гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтеді», делінген хабарламада.