Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Ауғанстанға 100 тонна гуманитарлық көмек жіберді
16:54 / 2023-10-10

2023 жыл 10 қазанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің бұйрығымен жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматилла Иргашевтың жетекшілігімен Герат қаласына жеткізілген гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік өнімдері: ұн, бидай, май, макарон өнімдері, ет өнімдері, күріш, қант; шатырлар мен көрпе, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар бар.

Өзбекстан делегациясын Ауғанстан үкіметі құрған жер сілкінісінің зардаптарын жою жөніндегі комиссия төрағасы Мавлави Шарафуддин Муслим, төраға орынбасары Ахмадулла Муттаки және көлік және азаматтық авиация министрінің орынбасары Абдул Саттар Гурволлар қарсы алды.

Мавлави Шарафуддин Ауғанстан үкіметі мен халқының атынан жіберілген гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірген.