Өзбекстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жеткізді
Қабул қаласында Өзбекстаннан Ауғанстан халқына жеткізілген гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті.
Жуырда Ауғанстанның Хост және Пактика провинцияларында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жеңілдету мақсатында Өзбекстаннан ұн, өсімдік майы, консерві өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмектен тұратын жалпы 74 тонналық гуманитарлық көмек жүгі екі ұшақпен Ауғанстанға жеткізілді.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген Ауғанстан Уақытша үкіметінің ақпарат және мәдениет министрінің міндетін атқарушы Хайрулла Хайрхва Ауғанстан үкіметі атынан Президент Шавкат Мирзияевке және достас Өзбекстан халқына Ауғанстан халқына осы қиын жағдайда баға жетпес көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
[gallery-7731]
суреттерді түсірген Ақыл Ғуламов