Өзбекстан ауғанаралық келіссөздердің келесі кезеңдерінің бірін Самарқандта өткізуге дайын
Өзбекстан тарапы ауғанаралық келіссөздердің келесі кезеңінің бірін Самарқандта өткізуге дайын екенін білдірді
Өзбекстан тарапы ауғанаралық келіссөздердің келесі кезеңінің бірін Самарқандта өткізуге дайын екенін білдірді.
9 қыркүйекте Өзбекстан-АҚШ-Ауғанстан үшжақты ынтымақтастық механизмінің саясаты бойынша кіші комитеттің бірінші отырысы өтіп, онда тараптар Ауғанстандағы бейбітшілік орнату және бұл процесте Өзбекстанның рөлі, тараптар арасындағы саяси диалогты нығайту, адам құқықтары, діни бостандық пен адам саудасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қаралды.
Кездесуде Ауғанстан үшін жан-жақты бейбітшілік бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру қажеттілігін айтылып, оны аймақтық және жаһандық көзқарас негізінде дайындаудың маңыздылығы сөз болды. Осыған байланысты 2018 жылдың наурыз айында Ауғанстан бойынша Ташкент халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша қабылданған Ташкент декларациясының тұжырымдамалық маңызы тағы бір рет негізге алынған.
Осы сұхбат аясында қатысушылар ауғанаралық келіссөздердің бірінші кезеңін Дохада (Катар) өткізу туралы шешімді құптады. Ал, Өзбекстан тарапы келіссөздердің келесі кезеңдерінің бірін Самарқандта өткізуге дайын екендігін білдірді, делінген Өзбекстан СІМ хабарында.