Өзбекстан Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянсқа қосылды
Өзбекстан Республикасы ресми түрде Аштық пен кедейлікке қарсы жаһандық альянсқа мүше болды.
СІМ мәліметінше, бұл қадам елдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ғаламдық күш-жігерді қолдау жолындағы маңызды бастама.
«Өзбекстанның бұл шешімі әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты күрделі мәселелердің өсуіне және аштық, кедейлік пен теңсіздік проблемаларын шешудегі белсенділікке жауап ретінде қабылданды. Альянсқа мүше болу Өзбекстанға халықаралық тәжірибе алмасуға, инвестиция тартуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешуде басқа елдермен және ұйымдармен бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда бұл альянсқа 100-ден астам мемлекет қосылған.