Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан армиясының дерлік 100 пайызы коронавирусқа қарсы емделді
22:49 / 2021-08-12

Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің 94,7 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін қабылдады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, министрлігтің жеке құрамын вакцинациялау процесі жедел жүріп жатқан болып, онда Қорғаныс министрлігінің  санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау орталығы, әскери госпитальдар, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық қызметінің көмегінде жүзеге асырылуда.

Вакцинацияның сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері мен мекемелерінің медициналық қызметкерлерінен 647 вакцинатор дайындалған, сондай -ақ медициналық пункттерде 81 вакцинация пункті, Орталық әскери клиникалық госпиталь, Орталық емхана мен әскери госпитальдарда 8 вакцинация бригадасы жасақталған.

Хабарда айтылуынша, вакцинация аясында ZF-UZ-VAC-2001 қытай-өзбек вакцинасы, Спутник V және Moderna вакциналары қолданылуда.

Қазірге дейін Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің 94,7 пайызы 1 -ші кезеңде, 91,6 пайызы 2 -ші кезеңде және 61,1 пайызы 3 -ші кезеңде вакцина қабылдаған. 

2021 жылдың тамыз айынан бастап Қарулы Күштердің жұмысшылары мен қызметшілерін вакцина егу жұмыстары басталды, делінген хабарда.