Өзбекстан армиясы әскери әлеуеті жағынан Орталық Азияда бірінші орында
Global Firepower Index – 2021 мәліметі бойынша Өзбекстан әскери әлеуеті жағынан әлемнің 140 елінің ішінде 51-орында.
Рейтинг бойынша Өзбекстан армиясы әскери қуаты бойынша Орталық Азия елдері арасында бірінші орында тұр. Қазақстан – 61, Түркіменстан – 86, Қырғызстан – 93, Тәжікстан – 99 орында тұр.
2021 жылы әскери қуаты жағынан Өзбекстанмен салыстыруға болатын елдер қатарында Беларусь, Марокко және Португалия бар.
Өзбекстан бұрынғы КСРО елдері арасында Ресей, Украина және Беларуссиядан кейінгі төртінші орында.