Өзбекстан армиясы 2023 жылғы әлемдегі ең күшті армиялар рейтингінде 145 елдің арасында 62-ші орынға ие болды.
Global Firepower халықаралық компаниясы жариялаған рейтингттің алғашқы ондығына АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Жапония, Франция және Италия енген.
Рейтинг PwrIndx – қуат индексіне негізделген, ол неғұрлым төмен болса, елдің әскері соғұрлым күшті болады. Әзірге ешбір ел 0,0000 әскери максимумға жеткен жоқ.
Өзбекстан бұл көрсеткіште 1,0692 индекске ие болып, әлемнің 145 елі арасында 62-ші Орталық Азия елдері қатарында 1-ші орында тұр.
Орталық Азия елдері әскери қуаты бойынша мынадай орындарға ие:
Өзбекстан — 62 орын (1,0692 индекс)
Қазақстан — 63 орын (1,0873 индекс)
Түркіменстан — 82 орын (1,5986 индекс)
Қырғызстан — 107 орын (2,1073 индекс)
Ауғанстан — 114 орын (2,3118 индекс)
Тәжікстан — 120 орын (2,6403 индекс)