Өзбекстан Alibaba Group-пен екіжақты келісімге қол қойды
Өзбекстанның экспортты ілгерілету агенттігі Қытайдың ең ірі электронды коммерциялық компаниясы - Alibaba Group-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжатқа сәйкес, өзбекстандық кәсіпкерлер B2B электронды жүйесін қолдана алады, сонымен қатар маркетплейсте жеке бөлім ашылып елдің өнімдері сатылатын болады. Экспортты жылжыту агенттігі кәсіпкерлерді тіркеу және мүшелік жарналарға байланысты шығындарды өз есебінен жабады.
Alibaba мен келісім бойынша:
Интернет сауда платформасында 300-ден астам компанияны тіркеуге қаржылық қолдау көрсету;
Компаниялар сататын өнімдер 190-нан астам елде сатуға үсыну;
Платформаның кәсіпорынды оңтайландыруға мүмкіндік беретін заманауи аналитикалық және статистикалық механизмдерді қолдану көрсетілген.