Өзбекстан алғаш рет «Жаһандық гендерлік алшақтық индексі 2024» есебіне енді
Дүниежүзілік Экономикалық форумның 2024 жылғы «Global Gender Gap Index» есебіне сәйкес Өзбекстан 0,681 ұпаймен 146 елдің арасында 108-ші орынға ие болды. Атап айтқанда, Өзбекстан білім деңгейі бойынша 0,990 балл, денсаулық көрсеткіші бойынша 0,959 балл жинап, жақсы нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, «Gender Gap Index» төрт негізгі көрсеткіш – денсаулық сақтау, білім беру, экономика және саясат бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы алшақтықты зерттеп, елдегі гендерлік теңдік жағдайын бағалайды.
Барлық ішкі индекстер үшін мүмкін болатын ең жоғары балл – 1 (гендерлік теңдік) және ең төменгі мүмкін балл – 0 (дисперстілік).