Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Airbus компаниясынан «Écureuil» тік ұшақтарын сатып алады
15:50 / 2019-04-18

Францияның Airbus авиация компаниясы Өзбекстанға 34 дана тік ұшақ жеткізіп береді.


Францияның Airbus авиация компаниясы Өзбекстанға 34 дана тік ұшақ жеткізіп береді.

Бұл жайында «Өзбекстан әуе жолдары» компаниясы баспасөз қызметі өкілі: «түк ұшақтар компания үшін емес мемлекеттік дәрежеде сатып алынады», -деп айтты.

Қазірде Ташкент қаласында кезекті сапарымен жүрген Францияның Европа және сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшы Жан-Батист Лемуан БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде тік ұшақтардың түрлері жайында тоқталып өтті. 

Лемуанның айтуына қарағанда, Өзбекстанға тасымалданатын «Écureuil»(тиін) тік ұшақтары биік тау тізбектерінде және климаты ыстық аймақтарда пайдалануға ынғайланған. Аталған тік ұшақтан дала егіндеріне тыңайтқыштар шашу және геологиялық бақылау, өртті сөндіру сынды жұмыстарға қолайлы пайдалануға болады.