Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан адам дамуы индексі бойынша 106-шы орында
13:42 / 2020-12-15

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) 2020 жылға арналған «Келесі шекара - адам дамуы және антропоцен 1», деп аталатын Адами даму есебінің қорытындысын жариялады.

Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігінің ақпарат қызметінің хабарлауынша, адам дамуы туралы бұл есепті БҰҰДБ 1990 жылдан бастап шығарады, ал Өзбекстанның көрсеткіштері 1993 жылдан бастап тіркеліп келеді.

Қорытындыға орай, адам дамуының индексі - бұл адамзаттың даму жолындағы негізгі 3 фактор - ұзақ және салауатты өмір, білім алу және лайықты өмір деңгейі туралы жарияланған статистиканың жиынтығы.

Өзбекстан биыл әлемнің 189 елі арасында 0,720 (максималды индекс мәні 1000) көрсеткішпен 106 орынға табан тіреген болып, 2019 жылғы есеппен салыстырғанда екі сатыға көтерілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы бойынша Өзбекстанның нәтижелері келесідей:

  • халықтың туу көрсеткішіндегі өмір сүру ұзақтығын анықтайтын индекс - 71,7 жас (+0,1 жасқа өскен;
  • білім индексінде білім берудің орташа ұзақтығы 11,8 жылды құраған (+0,3 жыл оң өзгеріс) және алдағы білім ұзақтығы 12,1 жылды көрсеткен (+0,09 жыл оң өзгеріс);
  • адамдардың жан басына шаққандағы ЖІӨ сатып алу қабілеттілігі паритетінде 7 142 долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 680 долларға өскен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының 2020 қорытындысына орай алғашқы үштіктен Норвегия, Ирландия және Швейцария елдері жайғасқан болса, соңғы орындарды Чад, Орталық Африка Республикасы мен Нигерия елдері аяқтаған.