Өзбекстан 8 айда шамамен 55 тонна құс етін импорттады
2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Өзбекстан әлемнің 16 мемлекетінен жалпы құны 59,1 млн АҚШ долларына тең 54,6 мың тонна құс етін импорттаған.
Ұлттық статистика комитетінің алдын ала деректеріне сәйкес, импорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 мың тоннаға немесе шамамен 14,2 пайызға артқан.
8 ай ішінде Өзбекстанға ең көп құс етін жеткізген елдер:
- Ресей – 13,9 мың тонна;
- Түркия – 9,8 мың тонна;
- Беларусь – 7 мың тонна;
- Бельгия – 5,6 мың тонна;
- Нидерландия – 4,2 мың тонна;
- Басқа мемлекеттер – 14,1 мың тонна.