Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан 6 жүрдек электр пойызын сатып алады
14:42 / 2024-08-14

Өзбекстанда Корея Эксимбанкінің қатысуымен 6 жүрдек электр пойызын сатып алу жобасы жүзеге асырылады.

Бұл туралы Президенттің «Корея Эксимбанкінің қатысуымен «6 жүрдек электр пойызын сатып алу» жобасын іске асыру шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес:

Өзбекстан темір жолдары» АҚ және оның құрамына кіретін «Теміржолкэкспресс» АҚ жобаның уақтылы, сапалы жүзеге асырылуына және Корея Эксимбанкінің қарыздарының мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапты атқарушы органдар болып табылады;

«Uzmilliybank» АҚ Корея Эксимбанкінің берешегін реттеу бойынша қаржы агенті болып табылады;

Корея Эксимбанкі бөлген қарыздарды өтеу, оның ішінде пайыздар, пайыз және басқа да төлемдерді өтеу «Өзбекстан темір жолдары» АҚ құрамына кіретін «Теміржолэкспресс» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Үкімет атынан қарызды қайта қаржыландыру туралы келісімге қол қою Экономика және қаржы министріне берілді.

«Uzmilliybank» АҚ Корея Эксимбанкінің қарызын өтеу үшін Корея Республикасының уәкілетті банкімен банкаралық келісімге қол қоюға уәкілетті.