Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан 30-шы Минск халықаралық кітап көрмесіне қатысуда
16:59 / 2023-03-24

22-26 наурыз аралығында Беларусь астанасы Минск қаласында «Шекарасыз кітап әлемі» атты 30-шы Минск халықаралық кітап жәрмеңкесі өтуде.

Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің (АБКА) мәліметінше, дәстүрлі түрде өтетін беделді кітап көрме-жәрмеңкесіне 20-дан астам елдің полиграфия компаниялары мен баспалары, соның ішінде Өзбекстан баспа және кітап саудасы ұйымдарының ресми өкілдері қатысуда.

30-шы Минск халықаралық кітап жәрмеңкесінде Өзбекстанның 10-ға жуық баспасынан 100-ден астам түрлі жанрдағы және бағыттағы кітаптар қойылған.

Мұндай халықаралық кітап жәрмеңкелері түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығын нығайтып қана қоймай, кітап әлеміндегі жаңалықтар, жаңа басылымдар, заман жазушылары мен ақындарын, тарихты үйренуде, тәжірибе алмасуда маңызы зор.

Айта кетейік, 30-шы Минск халықаралық кітап жәрмеңкесі наурыз айының 26-шы жұлдызына дейін жалғасады.