Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбеков Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі Абдуррахман бин Хамад бен Джасим бин Хамад Әл Сонидің шақыруымен осы елде іссапармен болды.
Сапар жоспарына сәйкес О.Назарбеков Дохада өткен Халықаралық кітап көрмесіне қатысып, осы көрменің директоры Джасим Ахмед әл-Буайнайнмен кездесті.

Кездесу барысында Өзбекстанның осы ірі халықаралық шараға 2024 жылғы Доха халықаралық кітап көрмесінің «Құрметті қонағы» ретінде қатысуы келісілді.
Өз кезегінде мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жобалар талқыланды. Атап айтқанда, 2024 жылы Өзбекстанның Қатар мемлекетінде, Қатардың Өзбекстанда мәдениет күндерін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Мәдениет және туризм министрлігінің хаюарлауынша, кездесу барысында талқыланған бірқатар жобалар мен ұсыныстар негізінде 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыру келісілді.