Өзбекстан 2024 жылдан бастап әуе қатынасы шығындарының бір бөлігін өтемек
2024 жылдың қаңтарынан бастап Өзбекстан әуе қатынасы шығындарының бір бөлігін өтейді. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Өзбекстан Президентінің «Туризм саласындағы реформаларды одан әрі жеделдету және саладағы мемлекеттік басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру шаралары туралы» шешімі қабылданды.
Оған сәйкес, туроператорлар мен авиатасымалдаушылардың шет мемлекеттерден Самарқанд, Бұхара және Үргеніш халықаралық әуежайларына чартерлік рейстерге жұмсайтын шығындарының бір бөлігі әрбір шетелдік турист үшін, егер ол республика аумағында кемінде бес түн болса, 20 АҚШ доллары, қысқы маусымында (20 қарашадан 20 ақпанға дейін) 50 АҚШ доллары баламасында өтеледі.